Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең қиын мамандықтар тізімі белгілі болды

Опубликовано:

Ғалымдар әлемдегі ең қиын мамандықтар тізімін анықтады деп жазады 24.kz.

Әр адам өз жұмысын атқару барысында қиналатыны рас. Қиналмақ тұрсын, жұмысқа әр барған сайын бастарын өлімге тігетін өрт сөндірушілер бұл тізімде бірінші орынды иеленді.

Екінші орында – ұшқыштар. Олардың ұшақты басқару кезінде қиналатыны бөлек тұрсын, бортқа мінген өзге адамдардың өмірі үшін жауапты болатындықтан күйзеледі. Ал халық алдына шығып, сөз өнерін көрсететін теле- және радиожүргізушілер күтпеген жерден осы тізімнің үшінші орнына іліккен. Себебі олар камераға қарап отырып, сөйлеу кезінде тілдегі ережелерді сақтап ғана қоймай, әрбір жаңалықты жұртқа дұрыс жеткізуге міндетті, деп жазады MedDaily.ru.

Төртінші орынға мұғалімдер табан тіреген. Бұл мамандықтың ауыртпалығын айтпаса да түсінікті. Ұстаздардан кейін тізімде медицина және әлеуметтік қызмет саласының мамандары, шахтерлар, жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері, мереке ұйымдастырушылар мен әуе диспетчерлері орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1042091-enh-qiyn-mamandyqtar-tizimi-belgili-bo/

pixel