Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғасыр бұрын Эйнштейн болжап кеткен ғылыми жаңалық ашылды

Опубликовано:

Америкалық ғалымдар ғасыр бұрын Альберт Эйнштейн болжап кеткен ғарыштағы екі қара тесіктің соқтығысуынан пайда болады деген гравитациялық толқындарды ашқанын жариялады деп жазады Азаттық.

Ғылыми ортада дүрбелең тудырған жаңалық ғарышқа жаңаша көзқараста қарауға және гравитацияны жақсырақ түсінуге жол ашуы мүмкін. Жаңалықты ашқан ғалымдардың бірі, Колумбия университетінің астрофизигі Сабольч Марктың мәлімдеуінше, "ғалымдар осы кезге дейін аспанға қарағанымен, музыканы ести алмаған".

Оның сөзінше, гравитациялық толқынды ғарыштағы музыкалық саундтрек деуге болады.

"Енді ғарыш кеңістігі ешқашан бұрынғыдай болмайды", - деді Сабольч Марк.

Ғалымдар Жерден 1,3 миллиард жарық жылындай қашықтықта орналасқан ғарыштағы екі қара тесіктің соқтығысуынан туған гравитациялық толқындарды ашу үшін АҚШ-тағы екі обсерваторияда ғана бар, құны 1,1 доллар тұратын сезімталдығы жоғары аппаратты пайдаланған.

1916 жылы Альберт Эйнштейн жалпы салыстырмалылық теориясы аясында болжаған гравитациялық толқындар уақыттың жоғары, төмен, оң, сол сияқты кеңістік мекендерімен үйлесеуін білдіретін уақыт-кеңістік өлшемін бұрмалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1043960-ghasyr-buryn-eynshteyn-bolzhap-ketken-ghy/

pixel