Әр таңды сергек қарсы алуымыз керек
Опубликовано:
Қазақстандық телеарна тағы бір жаңа форматтағы таңғы бағдарламамен толықты.
«Оң тв» арнасы өз көрермендеріне бұрын-соңды болмаған жаңа «Таңғы Марафон» бағдарламасын ұсынады.
Көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды басты мақсат етіп қойған бұл жобаны жасауға өз ісінің нағыз мамандары қатысады. Күн сайын студияға түрлі саланың адамдары мен айтары бар тұлғалар келеді, олар маңызды жаңалықтарымен бөлісіп, өз жетістіктері туралы айтады.
Бұл жобаның бағыты – спорттық. Танымал тұлғалармен бірге күнделікті таңғы жаттығу, дұрыс тамақтану мәзірі, дәстүрлі және халықтық медицина мамандарынан пайдалы кеңестері – бағдарламаның тұрақты айдарларында күнделікті беріліп отырады.
Жобаның басты артықшылығы барлық жастағы адамдардың көңілінен шығуы десек болады. Күнделікті шығарылымнан жас та, кәрі де қажетін таба алады. Спорт жаңалықтары, фитотерапия, әзіл-қалжыңдар мен пайдалы кеңес – мұнда бәрі бар.
«Таңғы Марафон» – салауатты өмір салты туралы бағдарлама. «Дұрыс тамақтану» айдарында дәрігер-диетологтар 10-20 күнге арналған дұрыс тамақтану кестесін, арнайы жолдарын ұсынады. Сондай-ақ, дене сымбатын бірқалыпта ұстау жайылы кеңес беретін арнайы айдар да болады.
«Спортшылар шеруі» атты айдарда арнайы рейтингтер жасалады. Мәселен, ең жылдам 10 спортшы, ең танымал 10 спорт түрі, Қазақстанның ең үздік 10 спортшысы, ең ыңғайлы 10 спорт алаңы және т.б. Ал «Спортшыдан мәзір» бөлімінде атақты тұлғалар өздерінің сүйікті тағамдары туралы әңгімелейді.
Бағларламадан қажетті ақпараттардың бәрін біліп отырасыз. «Тұтынушы жәшігі» айдары нағыз спортсүйер қауымға арналған. Мұнда спорттық дүкендерде дұрыс таңдау жасауды, яғни, спорттық киімдерді сатып алуда қателеспеуді үйретеді. «Үйірмелер» бөлімінде спорт түрлері жайлы мәліметтер айтылады. Оған қоса, спорттық үйірмелер туралы кеңінен ақпарат біле аласыз. Ал «Шығын калькуляторы» айдарының көмегімен спортпен айналысу үшін жіберген шығындарыңызды есептеуіңізге болады.
«Таңғы Марафон» – белсенді және спортсүйер қауымға арналған күнделікті таңғы бағдарлама. Соңғы жаңалықтар, танымал тұлғалармен сұхбат, пайдалы кеңестер және күні бойғы көтеріңкі көңіл-күй!
*Жарнама құқында
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1044079-ar-tanhdy-sergek-qarsy-aluymyz-kerek/