RU

Ең тартымды әйелдің бой өлшемі мен салмағы қанша болуы тиіс?

Қазігі заманда кім семіз, кім арық екені төңірегінде дау-дамайлар толастамай жүргеніне қарамастан, Шотландия ғалымдары заманауи сұлулық өлшемдерін анықтауға тырысты деп хабарлайды NUR.KZ порталы pic-words.ru сайтына сілтеме жасап.

Шотландиядағы Абердин университетінің ғалымдары тартымдылық пен әйелдің дене бітіміне ортақ өлшем тапқандарына сенімді.

Олардың сөзіне сенсек, ерлер нәзік жандылардың дене салмағының индексі 22,8-ден 24,8 деңгейінде болғанда әйелге қашан да сүйсіне қарайды екен. Қарапайым сөзбен айтқанда, әйелдің бойы 165 см, ал салмағы 65 келі болса, өзін керемет тартымды санай беруіне болады.

Бұл сән әлеміне сәйкес келетін өлшем болмаса да, ғалымдар дәл осындай әйелдерді зерттеуге қатысқан көптеген ер азаматтар сұлу санағанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1055344-enh-tartymdy-ayeldinh-boy-olshemi-men-sal/