RU

Шымкентте дала мысығы мен теңіз шошқасының достығы қайғылы аяқталды

Шымкенттегі зообақтардың бірінде бір торда сыйысып жүрген дала мысығы мен теңіз шошқасының достығы қайғылы жағдаймен аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлі аты да қойылып үлгермеген теңіз шошқасы өзінің тікелей міндетін атқарды. Нақтырақ айтсақ, жабайы мысыққа азық болды.

Зообақ қызметкерлері бұған келушілердің ерекше назары себеп болғанына сенімді. Олар жыртқыш жануарлардың өз "азығын" біраз уақыт тірі ұстағанды ермек ететінін алға тартып, мұндай жағдайдың таң қаларлық дүние емес екенін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1057293-shymkentte-dala-mysyghy-men-tenhiz-shoshqa/