Билл Гейтс сальто жасап, халықтың көңілін көтерді (видео)
Опубликовано:
Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс және оның жары Мелинда америкалық комик Джимми Фэллонның шоуына қатысты деп жазады Қазақпарат.
Сұхбат барысында бағдарламаны ұйымдастырушылар алдын ала дайындалған роликті көрсетті. Онда Билл диджей ретінде өнер көрсетіп, биледі және бірнеше акробатикалық қимылды көрсетті. Сальто жасап айналып түсті, тіптен қартайып қалғандығына қарамастан шпагатқа отырды.
Гейтстер жанұясы өзінің қайырымдылық қорын осылай айрықша видеомен жарнамалады, әрі оның жастарға бағытталғандығына емеурін білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1057832-bill-geyts-salto-zhasap-khalyqtynh-konhi/