RU

АҚШ-та арамшөпті отау үшін алынған ешкілерді саябақтан қуып жіберді

Орегон штатының бас қаласы Сейлемдегі саябақта арамшөптерді отау үшін жалдап алынған бір қора ешкі осы қызметті атқаратын мамандардан шығыны бес есе көп, әрі жайсыз иісін демалушылар жақтырмағаны, әрі бүкіл өсімдікті жеп қойғаны үшін қоғамдық орыннан қуылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мәлімет аталмыш жобаға қатысты есепте жарияланды. Қаладағы танымал әрі ірі Майнто-Браун-Айленд саябағында лағымен ірісін қоса санағанда 75 ешкі тікенекті қара бүлдірген, ағаш шырмауығын және басқа да арамшөпті жеп құртуы керек еді. Ұсақ малды саябаққа былтыр күзде қолға алынған ілкі жоба барысында жеткізген.

Алайда алты аптадан соң саябақ әкімшілігі келісімшартты әрі қарай ұзартудан бас тартты.

Ешкілер жүрген соң «саябақтың іші қорадағыдай сасып кетті» деп отыр әкімшілік. Жобаға сол кезде 20 мың доллар жұмсалған, оның көп бөлігі ешкінің құмалағын теріп алуға берілген. Егер осы жұмысқа маман алынса оның жалақысы аталған сомадан бес есе төмен болады екен.

Басшылар аша тұяқтылардың «еңбегі» жемісті болса шығынды көпсінбес еді. Алайда ешкілер арам шөпті емес саябақтағы тал мен үйеңкінің жапырағын жеп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1059013-aqsh-ta-aramshopti-otau-ushin-alynghan-eshk/