Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 әріптен тұратын қызылордалық бойжеткеннің есімі жұртты таңырқатты

Опубликовано:

Қызылорда қаласында есімі 17 әріптен тұратын қыз тұрады. Оның азан шақырып қойылған есімі – Аққарагөзайымсұлу деп жазады Seykhuninfo.kz порталы.

Жалпы, біздің халқымызда мұндай есімдер сирек кездеседі. Қазақ ат қоюға өте маңыз беріп қараған.

«Атам мен әжемнің ұлдан көрген тұңғыш немересімін. Сондықтан маған есім беруге таласқан туыстарым көп болыпты. Біреуі Ақсұлу, біреуі Қарагөзайым, біреуі Аққарагөз деп қойғысы келіпті. Содан атам мен әжем ақылдаса келе ешкімнің де көңілі қалмасын деп ұсынылған есімдердің бәрін біріктіріп қойғанды жөн санаған. Жалпы, көп адам атымның ұзақтығына таңғалып, құжат толтырғанда, болмаса қандай да бір қиындық тудыра ма деп сұрап жатады. Негізі, бәлендей қиындық тудырады деп айта алмаймын. Керісінше, өзгелерден ерекше осындай есімді иемденгеніме қуанамын. Көбіне қысқартып Қарагөз деп жатады. Мағынасына келер болсақ, айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Қыздың барлық көркемдігін паш етіп тұрған нағыз қазақи есім екенін мақтан тұтамын», - дейді есімі ерекше Аққарагөзайымсұлу Амангелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1061930-qyzylordalyq-boyzhetkenninh-esimi-zhur/