Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аула сыпырушы әкесімен мақтаған қыз бала желінің жұлдызы болды

Опубликовано:

Аула сыпырушы болып жан бағып жүрген әкесін мақтап, онымен бірге түскен суретін әлеуметтік желіге салған алжирлік араб қызы бірден Facebook пайдаланушылардың зор қошеметі мен ықыласына бөленіп кетті.

Бұл туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Интернет арқылы кең дүниеге желдей есіп тарай жөнелген ақпардың соңын ала бірқатар жергілікті телеарналар мұны жаңалық ретінде көрсете бастады.

Алжирлік жас қыз қала көшелерінің тазалығына жауап беретін әкесімен бірге суретке түскен. Әкесі онда өзінің жұмыс киімімен тұр. Ал парасатты қыз рәсімнің астына: «Мені өсірген, еркелеткен және оқытқан өзімнің аяулы әкеммен мақтанамын», – деп жазыпты. Міне, дәл осы сөздер әлеуметтік желідегі жіті көзді кісілерді қатты таң қалдырған. Олар балалардың бәрі бірдей бұлайша қара жұмыс істеп жүрген әкелерін көпшілікке көрсетіп, таныстыруға батылдық жасай бермейтініне назар аударған.

«Кейбір балалар жол бойының шаңын бұрқыратып, сыпырғымен сыпырып жүрген әкелерінің суреттерін бұлайша көрсетуге ұялар еді. Ал бұл қыз бала ата-анаға қандай көзқараспен қарау керек екенін көрнекі түрде көрсетіп берді», – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1066356-aula-sypyrushy-akesimen-maqtaghan-qyz-b/

pixel