Виртуалды Қазақстан аруы 2016 байқауының жеңімпазы 8 млн теңге мен көлік ұтып алды (фото)
Опубликовано:
Астанада өткен еліміздің тұңғыш виртуалды сұлулық байқауы - MISS VIRTUAL KAZAKHSTAN-ның жеңімпазы белгілі болды. Бұл атаққа стюардесса әрі дизайнер, 3 баланың анасы Айнұр Айтимова лайық деп табылды. Ару сыйлыққа 8 млн теңге мен Nissan Juke көлігін иеленді деп хабарлайды NUR.KZ.
8 000 000 теңге мен Nissan Juke көлігінен бөлек аруға қымбат тастармен безендірілген тәж табысталды.
Жеңімпаз өзінің су жаңа көлігімен екінші және үшінші орынды иеленген аруларды қыдыртуға уәде берді.
Аруға қолдау көрсеткендер арасында оның күйеуі, 7 жасар қызы мен 7 айлық егіз ұл-қызы бар.
Жас ана ақшасын қайда жұмсайтынын әзірге шешпеді.
Екінші орын Ақтау тұрғыны Милана Жинкинаға бұйырды. Сыйлық ретінде ол Macbook Pro ультрабугын алды.
Үшінші орынды Астана тұрғыны Диана Нашенова иеленді. Оған сыйлыққа алқызыл Iphone 6s табысталды.
«MISS VIRTUAL KAZAKHSTAN» байқауының жеңімпаздары онлайн дауыс беру арқылы анықталған. Ешқандай дефиленің де қажеті жоқ. Бағалауға тек бір фото ғана әсер етеді. Оны Вконтактедегі байқаудың ресми парақшасына жүктеу керек.
Байқауға қатысуға кез-келген кәмелет жасқа толған ару ниет білдіре алады. Ал жеңімпазды халықтың өзі таңдайды.
Алғашында қатысушылар саны 2000 болды. Жартылай финалға 273 ару іріктелді.
Соңында олардың 23-і топ жарып, комиссия мүшесі тағы екі аруды тізімге қосуды ұйғарды. Олар алматылық Әбішева Еңлік және астаналық Якимчик Ксения.
Байқаудың финалына қатысқан 25 ару:
Ақтау: Жинкина Милана, 19 жаста - Miss Virtual Aktau
Ақтөбе: Шамұратова Райгүл, 18 жаста - Miss Virtual Aktobe
Алматы: Ниязбекова Мақпал, 26 жаста - Miss Virtual Almaty
Астана: Нашенова Диана, 20 жаста - Miss Virtual Astana
Атырау: Байкенова Зарина, 22 жаста - Miss Virtual Atyrau
Жаңаөзен: Байбосынова Айымгүл, 21 жаста - Miss Virtual Zhanaozen
Қарағанды: Байдалы Айдана, 21 жаста - Miss Virtual Karaganda
Көкшетау: Лисовская Елена, 22 жаста - Miss Virtual Kokshetau
Қостанай: Нариман Наргиз, 19 жаста - Miss Virtual Kostanay
Қызылорда: Дүйсенбаева Эльнара, 20 жаста - Miss Virtual Kyzylorda
Павлодар: Илипова Айнұр, 20 жаста - Miss Virtual Pavlodar
Петропавловск: Шилина Юлия, 21 жаста - Miss Virtual Petropavlovsk
Рудный: Сигаева Кристина, 18 жаста - Miss Virtual Rudnyi
Семей: Әшімова Нарша, 21 жаста - Miss Virtual Semey
Талдықорған: Райымжанова Әсел, 19 жаста - Miss Virtal Taldykorgan
Тараз: Рысбек Жания, 21 жаста - Miss Virtual Taraz
Теміртау: Шаматульская Юлия, 21 жаста - Miss Virtual Temirtau
Түркістан: Жиембаева Хулькарай, 18 жаста - Miss Virtual Turkestan
Орал: Тайбассарова Әйгерім, 20 жаста - Miss Virtual Uralsk
Өскемен: Клеймёнова Мария, 21 жаста - Miss Virtual Ust-Kamenogorsk
Шымкент: Төлтаева Ақбота, 18 жаста - Miss Virtual Shymkent
Екібастұз: Айтимова Айнұр, 27 жаста - Miss Virtual Ekibastuz
Ақсу: Қасымова Бақыт, 18 жаста - Miss Virtual Aksu
Алматы: Әбішева Еңлік, 23 жаста
Астана: Якимчик Ксения, 19 жаста
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1069736-virtualdy-qazaqstan-aruy-2016-bayqauynynh/