Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд ғалымдары әйелдердің сүтқоректілерге жататынын анықтап, "жаңалық ашты"

Опубликовано:

Күні кеше ғана әйелді тек тұрмыс құралы санап келген Сауд Арабиясының ер азаматтары жергілікті ғалымдардың "жаңалығынан" кейін олардың құқықтарын жануарлар деңгейіне дейін көтерді деп хабарлайды NUR.KZ порталы ru.sputnik.az сайтына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының ғалымдар алқасы әйелдер сүтқоректілерге жатады деген тоқтамға келіп, олардың құқы осы санаттағы кез-келген жануардан кем болмауы керектігін мәлімдеді деп жазады İslaminsesi.

Әйел құқықтарын қорғайтын әлем орталықтары бұл мәлімдемені мазақ етіп, нәзік жандылардың тым құрымағанда жануар құқын иеленгеніне тәубелерін айтуда деп жазды Францияның Journal de Montreal басылымы.

Құқық қорғаушылар ешкі мен түйенің құқын иеленген әйелдер енді сәл ғана күтсе адам құқына жетіп қалады деген мысқылды пікірін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1072478-saud-ghalymdary-ayelderdinh-sutqorekt/