RU

Амазонка джунглиінде әлемдегі ең ұзын жылан табылды

Амазонка джунглиінде әлемдегі ең ұзын жылан табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

«Би-би-си-дің жаңа деректі фильмінде көрермендерге «әлемдегі ең ұзын жыланды» көрсетеді: оның ұзындығы бес метр, ол Амазонка джунглиінде мекендейді», - делінген ақпаратта.

Бұл - адам үшін қауіпті жылан. Амазонканың байырғы тұрғындарының сеніміне сәйкес, оны ұстағандар үлкен рухани күшке ие болады. Алып анаконда ғылымда танымал ең ұзын жылан болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1076870-amazonka-dzhungliinde-alemdegi-enh-uzy/