Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ессіз аймаласқан көңілдестер көліктің өртенгенін сезбей қалды

Опубликовано:

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Италияның Губбио деген қаласында орын алған өрттің себебін ашып берді.

Бұл туралы NEWS.am ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Полицейлердің анықтауынша, автомобиль ішінде жыныстық қатынаспен айналысқан көңілдестердің көлігі өртеніп кетті. Еркек пен әйелдің бір-бірлеріне құмарлықтары қатты артып кеткендері сондай, өздері біреулердің зайыптары бола тұра, көлік ішінде оңаша кездесуге келісімге келеді. Олар бұл ойларын жүзеге асыру автомобильмен қала сыртына шығып кетеді.

Сол күні наурыздың түні барынша салқын болыпты. Сондықтан келіншектің өтініші бойынша ер кісі машинаның пешін қатты қыздырып қояды. Олар бір-бірлерімен аймаласып жатқанда, автомобильдің қалай қызып кетіп, одан от шыққанын аңғармай қалады.

Көңілдестер көліктің отты шарға айналғанын байқаған кезде ғана одан тысқа шығып үлгереді. Көлікті аман сақтап қалудың жолы жоқ екенін білгесін олар сол жерден қашып кетеді.

Ойнастар полицияға бәрін басқаша етіп көрсетуге тырысады. Олар көлікті әлдекім алып қашып кетіп, артынан өртеп жіберген етіп көрсеткілері келеді.

Алайда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мұндай ертегіге сене қоймайды. Тексеру нәтижесінде полицейлер инцидент картинасын толық түзіп шығады. Прокурор тергеуді теріс жолға салғысы келген көңілдестерге айып тақты.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1077199-essiz-aymalasqan-konhildester-kolikt/

pixel