RU

Ветеринар жасы 184-ке келген тасбақаның кірін кетіріп берді (видео)

Британия иелігіндегі Әулие Елена аралы аумағында орналасқан үкімет резиденциясында әлемдегі ең кәрі – бүгінде 184-ке келіп отырған тасбақаның үстіндегі барлық кірі жуылды.

Бұл туралы «Блокнот. Ру» ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

«Джонатан» есімді лақап аты бар тасбақаның екі жүз жылға жуық уақыт жиналған кірін ветеринар Джо Холлинс тазалап шықты. Ол жануардың үстін жөкемен ысқылап, арнайы хирургиялық сабынмен жуып, кішкентай былғауышты қолданып, біраз еңбек етіпті. Бұған Британия королевасының отбасы мүшелерінің осында келіп-қайтатыны себеп болыпты.

Джонатан Әулие Елена аралының губернаторына XIX ғасырдың соңында сыйға тартылыпты. Сол кезде оның жасы 50-де болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1081482-zhasy-184-ke-kelgen-tasbaqanynh-kiri-ketir/