Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көрпе жамылып ұйықтайтын арыстан көпшілікті таң қалдырды (фото)

Опубликовано:

АҚШ-та Ламберт есімді африкалық арыстанды екі жыл бұрын зооқорғаушылар құтқарып қалды. Ол кезде алан үш айлық еді.

Бұл туралы Қазақпарат жазады.

Жыртқыштың бұл күшігі туралы балаларына сыйлық ретінде жануарды заңсыз алған  отбасы хабарлаған. Қателігін түсінген адамдар бұл жөнінде жануарды  қорғаушыларға өздері хабарлады.

Ламберт Техасс зообағына орналастырылды. Алайда ол ұйықтай алмады. Кейін анықталғандай, арыстанның күшігі үш айлық кезінен бастап сол отбасындағы қарттың кереуетінде бірге ұйықтайтын болған.

Зообақ  қызметкерлері оның үйшігіне көрпе төседі. Мәселе осылай шешілді, алайда екі жыл өтсе де арыстан ұйықтар алдында көрпе жамылу әдетінен арыла қоймады, деп жазды lifenews.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1082241-korpe-zhamylyp-uyyqtaytyn-arystan-kop/