RU

Қазақстанның 5 кереметі National Geographic журналына енді

Қазақстанның 5 көрікті мекені National Geographiс журналының ресейлік нұсқасына енді деп хабарлайды NUR.KZ порталы ztb.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрікті мекендер тізімінің көшін 1911 жылғы жер сілкінісінен кейін пайда болған Қайыңды көлі бастады.

Екінші орынға ХІV ғасырда салынған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тұрақтады.

Қазақстанның үшіні кереметі ретінде Балқаш қаласының солтүстігінен 70 шақырым жерде орналасқан Бектау-ата тауы танылды. Бұл таудың көрінісі көз тартады. Таудың маңында кішігірім көл бар.

Төртінші орынға Маңғыстау облысындағы Оғланды елді-мекенінде орналасқан Бекет-ата мешіті жайғасты. Ол ХVІІ ғасырда салынған.

National Geographic журналының тізіміндегі бесінші керемет - Астанадағы «Бәйтерек» монументі.

"Бәйтерек" арқылы жоба авторы ел тарихы сақталып, болашағы көркейе түскен мемлекетті аңғартпақ болған", – деп жазады басылым.

Еске салсақ, National Geographic журналы Қазақстанда ағымдағы жылдың наурыз айынан шыға бастады. Журналдың алғашқы санында Маңғыстаудың көрікті жерлері жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1084084-qazaqstannynh-5-keremeti-national-geographic-zhurnalyna/