Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Түрі әдемі бейтаныс адамдар топтаса қалуға бейім

Опубликовано:

Жаңа Зеландия елінің ғалымдары ашқан ғылыми жаңалық білуге тұрарлық деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ кескіндері келісе қоймаған адамдар да бірін бірі танымайтын болса да, аяқ астынан бірге жинала қалады екен. Мұның өзінде олардың бас біріктіруіне қос топтағы ең тартымды адамдар себеп болады, деп жазады spbdnevnik.ru.

Үлкен стадионда өткізілген ғылыми тәжірибеге 172 адам қатысқан. Сынақ барысында олар бұйрық бойынша аяқ астынан бірнеше топқа жарылды. Осының алдында олардың барлығы суретке түсіп, сарапшылар олардың әдемілігіне тәуелсіз түрде баға беріп, әрқайсысына жеке нөмір таққан.

Нәтижесінде сарапшылар «сұлу және сымбатты» деп шешкен әйелдер мен ерлер стадионда бір бөлек топ болып жиналып, ал осындай сипаттамаға ие бола алмаған адамдар бір бөлек жиналыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1087400-ghalymdar-turi-ademi-beytanys-adamdar/

pixel