RU

Селфиге түскен кішкентай панда желі қолданушыларын тәнті етті

Желіде селфиге түсіп тұрған қонжық туралы видео жүктелді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеоны 6 News пен ABC арналары көрсеткен. Онда Қытайдың Сычуань провинциясындағы Пандаларды қорғау орталығының қызметкері панданың қонжығымен селфиге түсіп тұрғанын көруге болады.

Қызметкер ұялы телефонынан фотоға түсірер сәтінде қонжық бірден қызметкерді құшақтай кетіп, фотоға түсіргенше камераға қарап тұрады.

Мұны көрген желі қолданушылары панданың тәтті қылықтарына тәнті болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1089713-selfige-tusken-kishkentay-panda-zheli-q/