Әлемдегі шашы ең ұзын әйел шаштаразшыға тұрмысқа шықты
Опубликовано:
Әлем бойынша арулардың арасында ең ұзын шашқа ие әйел шаштаразшыға тұрмысқа шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы life-pics.ru сайтына сілтеме жасап.
АҚШ тұрғыны Аша Мандела 17 метрге жететін ұзын шашына бола «Раста-Рапунцель» деген атқа ие болған. Әйел жақында шашына күнделікті екі сағаттан күтім жасауға әзір шаштаразшыға тұрмысқа шықты.
Ер адам 50 жастағы Гиннес рекордтар кітабына енген әйелге бір көргеннен ғашық болған. Эммануэль Чиге (Emmanuel Chege) шашының ұзындығы автобусты екі орап алатын әйеліне барынша қолғабыс болады.
Ол Манделаның шашын жуып кептіру үшін екі күнін жұмсайды. Дегенмен ер адам 20 келі шашқа күтім жасайтынына өзін бақытты сезінеді.
Дәрігерлер мұндай шаштан әйелге мүгедек болып қалуы мүмкін екенін ескерткенімен, Аша шашын қырқудан түбегейлі бас тартқан. Ол өз шашына тарақ та, қайшы да жолатпай, оны "баласындай" көреді екен.
Әйел шашының төсек қатынасына еш кедергі болмайтынын, тіпті бүгінде ұлы барын мақтанышпен айтады. 2009 жылы Гиннес рекордтар кітабы Ашаның шашын әлемдегі ең ұзын шаш деп тапты.
Ал 15 жыл шаштаразшы болған күйеуімен Аша Кенияда арнайы кездескен екен. Әйел өз табынушыларының ішінен Эммануэльді таңдап, онымен көңіл жарастырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1090339-alemdegi-enh-uzyn-shashqa-ie-ayel-shashtara/