RU

Ғалымдар өзге ғаламшарлыққа ұқсайтын акуланың құпиясын ашты (фото)

Мексика жағалауында өзге ғаламшарлық жаратылысқа ұқсайтын ерекше қызғылт, қампайған балық ауланды. Ғалымдар ерекше балықты зерделеп-тексеріп шықты деп хабарлайды Қазақпарат.

Сарапшылар өзге ғаламшарлықтар көздеріне ұқсайтын сұр-қызғылт түсті, доп сияқты қампайған балық - акуланың жердегі түрлерінің бірі екенін айтты. АҚШ және Мексикада Тынық мұхит жағалауында калифорниялық қампайған акула өмір сүреді. Олар қауіпті жағдайда көп мөлшерде су жұтып, денесін үлкейтеді, сыртқы кейпі көрген адамды шошытады, деп жазады британдық таблоид The Sun.

Ол балықтың түсі - қошқыл нүктелері бар сары-қоңыр. Ал мына қызыл түстіні ғалымдар альбинизм немесе лейкизм салдарынан өзгеріп кеткен деген тұжырым жасады.

Алайда қызғылт домалақ жаратылыстың кейбір мүшелері бұл тұжырымға қарама-қайшы келіп тұр. Мысалы домалақ акуланың желбезегі 5-6 болса, мұнда  үшеу ғана.

Әзірге ғалымдар бастарын қатыруда. Жұмбақ балық Тынық мұхиттан ауланды. Ерекше балықты ұстаған балықшылар оны теңізге қайта жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1093728-ghalymdar-ozge-ghalamsharlyqqa-uqsayty/