RU

Қытайда кейуана пұт құдайы деп ойлап қуыршаққа сыйынды (фото)

Қытайдағы компьютер клубының сыртына орнатылған бейнебақылау камерасы қызықты сәтті түсіріп алған деп жазады Қазақпарат.

Егде жастағы әйел қазіргі заман кумирін өздерінің пұт құдайымен шатыстырып, League of Legends компьютер ойынындағы қаһарман мүсінінің алдында жүгінген.

Кейуана «қуыршақтың» алдында шырақ тұтатып, дұға оқып, одан кейін өз жолымен кете берді, деп жазады Shanghaiist.

Жергілікті тілшілердің айтуынша, қытайлық әйел Гарена есімді қаһарман Үшпатшалық дәуірдің әскери қолбасшысы Гуань Үймен шатыстыруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1096380-qytayda-keyuana-put-qudayy-dep-oylap-q/