RU

Ғалымдар әлеуметтік желі әйелдер үшін қауіпті екенін анықтады

Ғалымдар әлеуметтік желілердегі қолданушылардың керемет өмірімен, супер үйлену тойы, балаларының фотолары, жалғызбасты әйелдердің жан дүниесіне кері әсер ететін айтады деп жазды massaget.kz.

Бұл жағдай жалғызбасты әйелдің басқаның өміріне деген қызғанышын оятады. Мамандар жалғызбасты әйелдерге толығымен әлеуметтік желілерден бас тартуды ұсынады.

Зои Стримпелдің айтуынша, нәзік жандылар интернеттен өзіне серігін белсенді іздейді. Әлеуметтік желілердегі кандидаттардың (болашақ күйеу жігіт) профильдеріне қарай қорытынды жасайды. Кейін бұл ерлер оның өмірінде бар деп санайды.

Бірақ әлеуметтік желі арқылы таныстық пен бетпе-бет таныстықтың арасы жер мен көктей. Әлеуметтік желідегі танысыңыз сізге компьютердің бетінде керемет болса да, шынайы өмірде басқаша болуы мүмкін.

Nielsen компаниясының зерттеуіне қарасақ, америкалықтар Facebook әлеуметтік желісіндегі әңгімелесуге 53 млрд минут уақытын кетірген екен. Әлемдік ірі әлеуметтік желі осылайша адамдардың бос уақытын алудан бірінші орында.

Сонымен қатар басқа да әлеуметтік желілер, блогплатформалар қаншама нәзік жандының уақыты мен арманын алып жатқаны беймәлім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1097563-ghalymdar-aleumettik-zheli-ayelder-ushi/