RU

Белгісіз жерде табылған бейтаныс мақұлықтар елдің зәресін алды (фото, видео)

Nur.kz редакциясына оқырмандардың бірі елдімекеннен табылған белгісіз мақұлықтардың фотосы мен видеосын жолдады.

Кей тұрғындар олардың Қазақстаннан табылғанына сенімді. Алайда видеодағы адамдардың өзге тілде сөйлесіп тұрғанынан бұл жағдай Қытайда немесе басқа мемлекетте тіркелген деп топшылауға болады.

Видеода Қытай дұнғандары сөйлесіп тұр дегендер де табылды.

Айта кетсек, әлем бойынша "чупакабра" атты белгісіз мақұлықтың табылғаны туралы ақпараттар жиілеп кетті. Мәселен, Парагвайда өткен жылы белгісіз мақұлықтың мәйіті судан табылған. Ал Қырғызстанда 2015 жылы жүздеген қой мен ондаған тауықты белгісіз жануар кеміріп кеткені туралы ақпарат тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1097902-belgisiz-zherde-tabylghan-beytanys-maq/