Алматыда жалғыз өзі серуендеп жүрген есек Қазнет жұлдызына айналды
Опубликовано:
Алматыда көшенің қақ ортасымен серуендеп жүрген есек Қазнетте танымал болды. Есектің жалғыз өзі қайда кетіп бара жатқаны белгісіз, дегенмен оны көргендердің қарасы көп.
Бір қызығы есек жолдың қарсы бетіне шықпай көліктермен ілесе, асқыпай серуендеген. Видеоны көргендердің дені оны Винни-Пух аюы туралы мультфильмдегі көңілсіз Иа атты есекке ұқсатқан.
Алматының әр ауданында болып қайтқан есекті тұрғындар алдымен таңғы 8-де Гооголь көшесінің бойында және Достық пен Абылай хан даңғылында көрген. Кейбірі оны, тіпті ертеректеу "Алтын Орда" базарынан байқаған екен.
Есекті Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында Қайрат Кұдайберген кезіктірген.
"Таңғы 8.30, Желтоқсан - Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысы. Жалғызсыраған есек өз шаруаларымен Алматының кептелісіне ілігіп, келе жатты. "Дүйсенбі ғой, таң қаларлық ештеңе жоқ" деп ойладым мен", - дейді Құдайберген оқиға орнынан түсірілген фотомен желіде бөлісіп.
Көңілсіз есек интернетте "дүйсенбінің кейіпкеріне" айналып үлгерген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1098486-almatyda-zhalghyz-ozi-seruendep-zhurgen/