RU

Ұшақ прототипін алғаш болып Қазақстан тумасы ойлап тапқан (фото)

Ұшақ прототипін алғаш болып ойлап тапқан азамат Қазақстанның көне қаласы Отырарда дүниеге келген Исмаил аль Джаухари екені анықталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

Исмаил аль Джаухари  Отырар қаласында дүниеге келген. Оның Иранның Нишапуре қаласында 1002 жылы алғашқы ұшу аппаратын ойлап тапқаны туралы блогер Асқар Көпбаев жазған. Қанаты жібектен жасалған аппаратта Исмаил бірнеше рет Хорасан провинциясының үстімен ұшып өткен деген де сенім бар.

Өкінішке қарай, Исмаил аль Джаухари Нишапурак мешітінің мұнарасынан кезекті рет қалықтап, жерге түсуге тырысқанында, қатты жел жібек қанаттарды жыртып жіберіп, өнертапқыш жерге құлап кетеді. Осылайша адамзат тарихындағы алғашқы ұшқыш көз жұмады.

Дегенмен Исмаил қаза болардың алдында 40 мың сөзден тұратын алғашқы араб сөздігін жазып шығып, тарихта өз есімін мәңгіге қалдырып үлгереді.

Алғашқы ұшқыш аппаратын ойлап тапты деп саналып келген ағайынды Райтпен салыстырғанда Исмаил көкке қалықтауға 800 жыл бұрын әрекеттенген. Кей деректерде ағайынды Райт ұшатын аппараттарын ойлап табу үшін Джаухаридің сызбаларын пайдаланғаны айтылады.

Бір өкініштісі, Исмаил аль Джаухаридің есімі алғашқы ұшақ аппаратын ойлап тапқан тұлға ретінде көп жерде келтірілмейді.  Ал Қазақстан тумасының бұл ерлігі туралы ешбір отандық оқулықта айтылмаған.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1099744-ushaq-prototipin-alghash-bolyp-qazaqsta/