Түркияда аяғы ауыр мысық босану үшін ауруханаға өзі келді
Опубликовано:
Аяғы ауыр мысық босану кезінде қандай да бір қиындықтардың болатынын сезіп, Түркияның шығысында орналасқан Битлис провинциясындағы отбасылық медицина орталығына көмекке жүгінген.
Мысық Татван қаласының медицина орталығына келіп, ауырсынғаннан мияулай бастаған деп хабарлайды Hürriyet басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
Медициналық орталықтың қызметкерлері мысықтың әрекетін камераға түсіріп алып, ветеринардың көмегіне жүгінген. Ол мысықты бірден алып кетіп, нәтижесінде үй жануары кесар тілігінің арқасында босанған.
Ветеринардың айтуынша, мысықтың босанатын мерізімі өтіп кеткен. Сол себепті, кесар тілігін жасатуға тура келген. Абырой болғанда, ота сәтті өткен. Өмірге төрт кішкентай марғау дүниеге келді. Олар анасының денсаулығы қалпына келгенше және жаңа үй табылғанша ветеринарлық клиникада болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1102075-ayaghy-auyr-mysyq-bosanu-ushin-aurukhanagh/