Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондонда ақылды тышқан мысықты сан соқтырып кетті (фото)

Опубликовано:

Одри атты мысықтың тышқан аулаған сәтін Лондонның 72 жастағы тұрғыны Дэвид Орандж фотоға түсіріп алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы moya-planeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Мысықты алдай алған тышқан атақты "Том мен Джерри" мультхикаясындағы Джерриді еске салады.

Одри тышқанды тығырыққа тірегенімен, сол беті оны таба алмай кеткен. Мысықтан екі сағат бойы қашқан тышқан ақыры одан аман-есен құтылды деп жазады The Daily Mail.

«Бұл таң қаларлық жағдай болды. Тура мультхикаядағыдай. Ал тышқан маған көмек сұраған көздерімен қарағандай болды. Тышқан ақылдылығының арқасында мысығымнан құтылып кетті. Шамамен екі сағатқа созылған бұл жағдайға мен жай қарап тұра алмадым. Қолыма фотоаппаратты алып, түсіруге кірістім", - дейді Дэвид.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1102146-londonda-aqyldy-tyshqan-mysyqty-san/

pixel