Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та 9 күн бойы шөл далада адасқан 72 жастағы кейуана аман қалды (фото)

Опубликовано:

АҚШ-тың Аризона штатында 72 жастағы кейуана 9 күн бойы шөл далада адасып жүріп, аман қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталы vesti.ru сайтына сілтеме жасап.

Зейнеткер Энн Роджерс немерелеріне қонаққа бармақ болады. Алайда жарты жолда шөлдің қақ ортасында оның көлігі жүрмей қалып, көмек іздеген кейуана адасып кетеді.

Роджерс тауға қарай жүріп, адамдарды жолықтырып қалуға және ұялы телефонның байланысы ұстайтын жер табуға үміттенген. Тоғыз күн бойы адасып, құтқарушыларды сабылып күткен зейнеткердің қасында тек иті ғана болған.

Рождерс тоғыз күн бойы шөлде кезіктірген шөптермен тамақтанған. Ал иті оған адам жүре алатын жолдарды іздеуге көмектескен.

"Ол маған жолымды жеңілдететін бағыттарды тауып отырды. Жол бойы менің қасымда болды", – дейді зейнеткер.

Шөлде бұланның сүйегін тапқан кейуана, оның қалдықтарымен және тастармен "көмектесіңдер" деген жазу қалдырады. Әуеден оны осылайша тезірек табатынына үміттенген Роджерстің ойы іске асады. Жоғалған зейнеткерді іздеуге кіріскен құтқарушылар бұл жазбаны байқап қалады. Олар Роджерстің аман екеніне үміттенбеген. Алайда тікұшақты көрген кейуана айқайлап, көмекке шақыра бастайды.

"Ол мені көре салып, алғыс айтумен болды. Бірінші кезекте мені құшақтап алды", – дейді дәрігер Тиффани Харольд.

"Алтыншы күні мен аман қалатыныма әбден үмітімді үзіп, қатты ызалы болған едім", – дейді Роджерс.

Ал құтқарушылар кейуананың тірі болғаны былай тұрсын, энергиясы тасып, айқайлап секіргеніне таң болған. Себебі, олар шөлде екі-ақ күн болғандардың, тіпті сөйлеуге шамалары келмейтінін жақсы біледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1102224-aqsh-ta-9-kun-boyy-shol-dalada-adasqan-72-zhas/