Ғалымдар әлемдегі ең берік материалды дайындап шықты
Опубликовано:
Австриялық ғалымдар алғаш рет карбин көміртегінің экзотикалық түрін тұрақты өндіру ісін жолға қойды. Аталған көміртектің беріктігі алмаздың мықтылығынан 40 есе асып түседі екен деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы Nature Materials журналы мәлімдеді. Карбиннің ерекшелігін ғалымдар осыдан бірнеше жыл бұрын есептеп, беріктігі жағынан адамзатқа белгілі барлық материалдардан басып озатындығын дәлелдеді. Алайда зерттеушілер оның өндірісі барысында қиындықтарға тап болған.
Карбин көміртек атомдарынан тұратын ұзын тізбектен құралады. Дайындау мөлшеріне байланысты тізбек жойылып отыратын көрінеді. Бұл проблеманы шешу үшін Венн университетінің ғалымдары графеннің бір қабатын салып, «термос» сияқты затқа ораған.
Осы қорғау қабатының ішінде 6400 атомнан тұратын карбин тізбегін синтездеп алды. Бұған дейінгі рекорд 100 атомды құраған екен. Ғалымдар қалыпты түріне қол жеткізіп қана қоймай, карбиннің электр ерекшеліктерінің тізбектік ұзындығына байланысты екенін анықтады. Алайда карбинді графенді «термостан» оған зақым келтірместен қалай алып шығатындығы біраз мәселе тудырып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1103214-ghalymdar-alemdegi-enh-berik-materiald/