Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырда шайтанның суреті табылды

Опубликовано:

Мысырда ғалымдар шайтанның суретін тапты. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Шайтанның суреттері Мысырдың Орта Патшалық дәуірінде салынған екен. Суреттерге 4 000-нан астам жыл болыпты. Екі суретті ғалымдар Мысыр елінің Орта Патшалық заманында жерленген адамдардың моласынан тапса, біреуі Каир қаласындағы Мысыр мұражайынан шыққан.

Бір суретте Интеп есімді әзәзіл бабуин маймылға ұқсас етіп салынса, екіншісі Хери-бенут деген жын адам ретінде бейнеленген. Үшінші шайтан Икенти мысық басты үлкен құс болып салынған. Суретті Ваэль Шербини деген ғалым Мысыр мұражайының қоймасынан тапқан.

Бұған дейін шайтанның суреттері ежелгі Мысыр елінен келе жатқан жазбаларда ғана айтылған болатын. Енді, ғалымдар сол суреттерді жарыққа шығарып, ежелгі заманда кейбір адамдардың әзәзілмен байланысы болғанын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1112240-mysyrda-shaytannynh-sureti-tabyldy/

pixel