Лондонда жалаңаштарға арналған мейрамхана ашылмақ

Опубликовано:

Англияның астанасы – Лондон қаласында нудистерге арналған мейрамхана ашылғалы жатыр. Бұл туралы Independent ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, мейрамханаға келушілер де үстел басында тыр жалаңаш отырады. Оларға жалаңаш кейіптегі даяшылар қызмет көрсетеді. Тамақтандыру орнына келушілер киімдерін гардеробта қалдырып кетеді.

Бұдан бөлек, баспана ішінде мобильді телефондар мен жарық беретін құралдар пайдаланылмайды.

Мұнда берілетін ауқаттың өзі от үстіне қайнатылып пісіріледі. Ал залда бамбук ағашынан жасалған жиһаздар тұрады.

Қазір мейрамхананың сайтындағы күту парақшасына 15,8 мың қол қойылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1122136-londonda-zhalanhashtargha-arnalghan-meyr/