Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та фермер түрлі-түсті жүгері өсіріп шығарды (фото)

Опубликовано:

Америкалық фермер Карл Барнс өзі Glass Gem деген ат берген түрлі-түсті жүгері тұқымын ойлап шығарды. Бұл туралы Kedem ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Өзгеше бояуларға малынған жүгері сұрпын өсіріп шығарған Карл Барнс АҚШ-тың Оклохома штатын жайлаған үндістердің чироки тайпасының өкілі болып табылады.

Ол түрлі-түсті жүгеріні жасап шығару үшін бұл дақылдың алуан түрлі бояулы гибридтерін ашық тозаңдандыру жолын пайдаланған екен. Нәтижесінде түрі қымбат бағалы асыл тастарға ұқсайтын, әдемі іріктелген баданадай ірі дәнді жаңа жүгері пайда болған.

Осылайша кремнийлі жүгерінің бір түрі жасалған. Бірақ оның дәні оншалықты дәмді емес. Оны осы қалпында тамақ ретінде пайдалануға болмайды. Ал бұдан керемет жақсы ұн мен попкорн дайындалады.

Қазіргі таңда аталмыш жүгері тұқымының пакеті интернет-магазиндерде $4,95-ға сатылады. Оның өнімі 110-120 күнде дайын болады.

Тағы оқыңыздар:

Қытайда туыстары қайтыс болған қыз бен жігіттің сыртынан 28 мың долларға той жасады

Қытайда екі аяқты лақ дүниеге келді

Визажист 80 жастағы әжейді 20 жасқа жасартып жіберді

Жаңа Зеландияда даяшылардың барлығы жалаңаш жүретін кафе ашылды (фото, видео +18)

Шымкентте үш аяқты балапан дүниеге келді (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1130965-amerika-fermeri-turli-tusti-zhugeri-os/

pixel