Канадалық жас жұбайлар үйлену тойында мыңдаған мысықты қонақ етті (Фото)

Опубликовано:

Канадада жануарларды жақсы көретін жұп үйлену тойында мыңдаған мысықты қонақ етті.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

Доминик Юссон (Dominic Husson) мен Лузи Веронно (Lousie Veronneau) Калифорнияға Квебектен мысықтар асырайтын The Cat House үйіне арнайы келген. Қос ғашық тіпті жануарлар үйінің негізін қалаушы Линея Латтанционы (Lynea Lattanzio) оның діни рәсімді жүргізу құрметіне ие болуына көндірді.

«Екеуміз де жануарларды қатты жақсы көреміз, сондықтан шешімді қабылдау да оңай болды», - деген Юссонның сөзін келтірді АВС30.

Веронно, өз кезегінде, Латтанцио мен оның командасының қызметін ерекше бағалайтынына тоқталып өтті.

Той 17 мамырда өтті. Жас жұбайлар туыстары мен жақындарынан сыйлықтың орнына жануарлар үйіне қайырымдылық жасауын өтінді.

The Cat House үйінде мысықтар торға қамалмаған, олардың еркін серуендеп жүруіне мүмкіндік берілген.

Тағы оқыңыздар:

Әбу-Дәбидегі мешіт тартымдылығы жөнінен Эйфель мұнарасынан асып түсті

Ғалымдар: Әлемдегі ең биік тау Эверест емес

2016 жыл тарихтағы ең жылы жыл болуы мүмкін

Қытайда туыстары қаза болған қыз бен жігіттің сыртынан 28 мың долларға той жасады

АҚШ-та фермер түрлі-түсті жүгері өсіріп шығарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1135172-kanadalyq-zhas-zhubaylar-uylenu-toyynd/