Алматы облысында 21 жастағы бойжеткен Instagram жұлдызына айналды

Опубликовано:

Алматы облысы, Талғар қаласында тұратын 21 жастағы Нағима Ахметова санаулы мерзімде Instagram желісінде жұлдызға айналды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Аз уақытта өз желі парақшасына 100 мың жазылушы жинаған бойжеткен қысқа әзілді роликтер (вайн) түсіреді.

Бойжеткен өзі туралы жиі қойылатын сұрақтарға желі парақшасында жауап берген.

"1994 жылы туылғанмын. Өскеменде туып, өстім. Бүгінде отбасыммен Талғарда тұрамын. Мамандығым - ағылшын тілінің мұғалімі. Мектепте ұстаздық еткенмін, алайда жалақысы көк тиын болғандықтан ол жұмыстан кетіп қалдым. Ал қазір ірі ресейлік компанияда кеңсе менеджері болып жұмыс істеймін. Жеке өмірімді құпия ұстағанды жөн санаймын", - деп жазған ару.

Алғаш рет Айка деген образбен қысқаша ролик түсіріп, желіге жария еткен Нағима, кейін осылайша танымал болатынын күтпеген.

Бүгінде ол көшеде көпшіліктің оны тани бастағанына өзін бақытты сезінетінін жасырмайды.

 

Тағы да оқыңыздар:

Америкалық бойжеткен тасбақасын бағып-қағатын күтуші іздеп жатыр

Швейцарияда тунистік 21 жастағы жігітке 71 жастағы әжейге үйленуге тыйым салынды

Иесіз ит басындағы 70 сантиметрлік жебемен бірнеше сағат жүрген

Канадалық жас жұбайлар үйлену тойында мыңдаған мысықты қонақ етті (Фото)

Әбу-Дәбидегі мешіт тартымдылығы жөнінен Эйфель мұнарасынан асып түсті

Ғалымдар: Әлемдегі ең биік тау Эверест емес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1136092-almaty-oblysynda-turatyn-21-zhastaghy-boy/