Канадалық ер адам $100 000 үшін кеудесін үлкейтті (фото)

Опубликовано:

Канадалық тұрғын Брайан Зембик досымен 100 000 долларға бәс тігіп, кеудесіне силикон салдырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы 4tololo.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жайттың болғанына біраз уақыт өтсе де, ер адамның ессіз әрекеті көпшілікті таң қалдыруын доғарар емес. 55 жастағы Брайан досымен 100 000 долларға бәстесіп, ота арқылы кеудесін үлкейтті.

Шарт бойынша, ол кеудесіне силикон салдырып қана қоймай, онымен бір жыл бойы жүруі тиіс болатын.

"1997 жылы мен достарыммен мейрамханада отырдым. Дәл сол кезде кеудесі ірі әйелді көріп досыммен бәстескен болатынмын", — дейді Брайан.

Ер адам Нью-Йорктегі оташы досынан өзіне ота жасатуын сұрайды. Оташы бұған амалсыз келіседі, себебі, ол Брайннан ойын кезіне 5000 доллар ұтылып қалған болатын.

Осылайша 20 жыл бұрын өзіне силикон салдырған азамат бір жылдан кейін де үлкен кеудесінен бас тартпайды.

"Досыма кеудемді көрсеткенде, ол он минут бойы күлді", - дейді Брайан.

Дегенмен, достары Брайнның бұл кеудемен жиырма жыл бойы жүретінін күтпеген. Ол үлкен кеудесі үшін жыл сайын он мың доллар алып тұрған. Осылайша жиырма жыл ішінде Брайан кеудесінің арқасында 300 000 доллар тапқан.

"Бұл мен қуана жоғалтқан 100 000 доллар болатын", - дейді Брайанның досы.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында 21 жастағы бойжеткен Instagram жұлдызына айналды

Америкалық бойжеткен тасбақасын бағып-қағатын күтуші іздеп жатыр

Швейцарияда тунистік 21 жастағы жігітке 71 жастағы әжейге үйленуге тыйым салынды

Иесіз ит басындағы 70 сантиметрлік жебемен бірнеше сағат жүрген

Канадалық жас жұбайлар үйлену тойында мыңдаған мысықты қонақ етті (Фото)

Әбу-Дәбидегі мешіт тартымдылығы жөнінен Эйфель мұнарасынан асып түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1136171-kanadalyq-er-adam-100-000-dollar-ushin-keudes/