Балет билеп жүрген мысық желіде жұлдыз болды (фото)

Опубликовано:

Жапонияда Мирко есімді мысық жұртты өзінің балет өнерімен тәнті етіп жүр, деп хабарлайды gazeta.ru-ға сілетем жасап bnews.kz.

Әдетте үй мысығы адамды сүйкімділігімен немесе ерекше қылығымен баурап жатады. Ал Мирко болса балеттік өнерімен ғаламтордың жаңа жұлдызына айналған.

Мысықтың Твиттердегі парақшасына 40 мыңдай адам жазылыпты. Үй жануары плие, пируэт және тағы басқа би қимылдарын орындап, табынушыларын қуантып отырады екен.

Әйтсе де жануар иесінің айтуынша, шын мәнісінде мысықтың балет билеп түскен бірегей суреттері – сәтті таңдалған уақыттың жемісі.

Қожайыны Миркоға сүйікті ойыншықтарын лақтырады. Сол кезде мысығы ойыншығына жүгіріп, секіргенде иесі де оны суретке түсіріп үлгеретін көрінеді.

Тағы да оқыңыздар:

Канадалық ер адам $100 000 үшін кеудесін үлкейтті (фото)

Алматы облысында 21 жастағы бойжеткен Instagram жұлдызына айналды

Америкалық бойжеткен тасбақасын бағып-қағатын күтуші іздеп жатыр

Швейцарияда тунистік 21 жастағы жігітке 71 жастағы әжейге үйленуге тыйым салынды

Иесіз ит басындағы 70 сантиметрлік жебемен бірнеше сағат жүрген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1137041-balet-bilep-zhurgen-mysyq-zhelide-zhuldy/