Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британияда ашқарақ кірпі жем жеймін деп жарылып кете жаздады

Опубликовано:

Бакингемшир графтығынан табылған кірпінің салмағы көпшілікті таң қалдырды деп хабарлайды 24 арна.

Анау-мынау емес, 2 келі тартатын бұл жабайы табиғат өкілін жергілікті бақтан тауып алған тұрғындар аңдарға арналған Tiggywinkles клиникасына дереу жеткізіпті. Себебі оның салмағы әдеттегіден екі есеге артық болып шыққан. Енді тікенекті аң қалыпты көрсеткішке дейін арықтағанша клиникада болады.

«Қазір ол диетада отыр. Әзірге 280 грамға арықтады. Қалыпты салмаққа қайтып оралу үшін ол әлі 1 келіге арықтауы керек», - дейді Tiggywinkles клиникасының негізін қалаушы Лес Стокер.

Кірпінің неден мұнша семіргені белгісіз. Стокердің пайымдауынша, ол итке берілетін арнайы жемді жеген болуы керек. Себебі бақты аралауға келген адамдар өздерімен бірге әкелген ит жемін «аш қалмасын» деп, кірпілерге қалдырып кетеді екен.

Стокердің айтуынша, бұл кірпі осы жемді жеп, енді болмағанда жарыла жаздаған. Бірақ, ол дұрыс тамақтану мен арнайы қимыл-қозғалыстар арқасында жуық арада табиғатқа қайтып оралатын болады, деп жазады Daily Mail.

Тағы да оқыңыз:

Жігітке дереу үйлену керектігін білдіретін он белгі

Бесік жырын тыңдап, ұйықтап қалған піл жұлдызға айналды

Жапон азаматы екі қауынды 27 мың долларға сатып алды

Апасын өлімнен құтқарғысы келген қытайлық бойжеткен тірі нысанаға айналды (фото)

Instagram желісіндегі жалған өмір жайлы видео ғаламторды «жарды» (видео)

Сүйікті командасы үшін қайғырған жүргізуші эфирде мас болып қалды (видео)

Сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасамақ болған қытайлық ағашқа кептеліп қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1141281-britaniyada-ashqaraq-kirpi-zhem-zheymin-d/