Бір топ қазақ жігіті жолдың қақ ортасында би биледі

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде жолдың қақ ортасында би билеген бір топ қазақ жігітінің видеосы пайда болды.

Роликте шамамен жеті жігіттің жолда билеп жүргенін байқауға болады. Олар жол қозғалысына кедергі келтіріп жатқанын қаперіне ілмейді. Бұған куә болған өзге көлік иелері көңіл көтеріп жүрген топқа қосылып, бірге билеуге кіріседі.

Пікір қалдырушылар бұл жайттың Алматы не Таразда болуы мүмкін екенін айтуда. Олардың дені жігіттердің жолда мұндай қылық танытқандары дұрыс емес деп санайды.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда Момышұлы көшесі бес күнге жабылады

Астанаға көлікпен кіру ақылы болуы мүмкін

Елімізде жүргізуші куәлігін беру мен емтихан тапсыру ережелері өзгерді

Павлодарлық бойжеткен "Лексус" терезесінен аяғын шығарып отырды

Қытайлықтар кептелісте тұрмайтын автобус ойлап тапты (видео)

Павлодарда тежегіші істен шыққан автобус аялдаманы қиратты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1144915-bir-top-qazaq-zhigiti-zholdynh-qaq-ortasy/