Ғалымдар: Азия халқы Американың бар екенін Колумбтан бұрын білген

Опубликовано:

Азия халқы Солтүстік Американың осы әлемде бар екендігін саяхатшы Христофор Колумбтан бұрын білгені туралы айғақтар табылды деп хабарлайды 24.kz.

АҚШ археологтары Аляскадан осы халықтар арасында сауда-саттық байланыстардың болғандығын растайтын жәдігерлерді тапты.

«Жалпы үндістер мен Азия халқының арасында байланыстың болғанына бұрын да көзіміз жеткен еді. Енді бұл деректер нақтылана түсті. Азия халқы Америка тұрғындарына металл сатқан. Себебі біз тапқан металл құймалары Еуразияда құйылып, артынша Сібір мен Беринг бұғазы арқылы Аляскаға жеткізіліп отырған», - дейді Пардью Университетінің қызметкері Кори Купер.

Ғалымдардың тұжырымдарын Аляскада тұрған халықтың мекенінен табылған жәдігерлер мен еңбек құралдары растай түсті. Бұл жердің халқы отырықшы өмір салтын ұстанған. Бұған олардың қатқан мұз арасынан табылған көптеген мәдени ескерткіштері мен металл бұйымдары дәлел болады.

Купердің айтуынша, металдан жасалған еңбек құралдары өте сирек және ілуде бір кездесетін жәдігер саналады. Себебі сонау заманда металл аса тапшы материал болғандықтан, тұрғындар одан жасалған заттарды ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырып, әбден тозығы жеткенше пайдаланған.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде өлтірілген лаңкестердің денесі туыстарына берілмейтін болды

Ақтөбедегі лаңкестер әйелдер хиджабын киіп қашып жүруі мүмкін

Ресей полигон ретінде пайдаланып келген 1,7 млн гектар жерді Қазақстанға қайтаратын болды

ҰБТ-дан 125 балл жинаған павлодарлық түлек үш жыл бойы әлеуметтік желіні пайдаланбаған

Депутаттар Ақтөбедегі терактіні ұмытып, отырысты туған күн тойлаудан бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1154468-ghalymdar-aziya-khalqy-amerikanynh-bar-ek/