Марста адамның бас сүйегіне ұқсас қаңқа табылды (фото)

Опубликовано:

Басқа планетадан келген артефактілерді зерттеуші Скотт С. Варинга өзінің ufosightingsdaily.com сайтына кезекті жұмбақ суретін жариялады.

Бұл туралы News.am ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Жұмбақ суретті НАСА Марсқа жасаған экспедициясы кезінде түсіріпті. Онда адамның бас сүйегіне ұқсас қаңқа көрініп тұр. Зерттеуші Скотт С. Варинганың болжамынша, қызыл планетада өмір сүрген баяғы марс адамдарының бас сүйектері осындай болған.

«Бас сүйек үлкен. Ол көлемі жағынан адамның бас сүйегімен шамалас. Мен мұның дулыға екеніне сенбеймін. Дулыға мұрын тұсын дәл осыншалықты дәлдікпен көрсетіп бере алмайды. Оның төменгі желке тұсы да адамның қаңқасына қатты келеді. Марстағы бас сүйек Жердегі адамның бас сүйегінен айнымайды екен», – деді Скотт С. Варинга.

Тағы оқыңыз:

Баян Есентаеваның сіңлісі қазақстандықтарға үндеу жолдады

«Алтын адамды» тапқан арxеолог өмірден озды

Дәрігер Баян Есентаеваның қазіргі жағдайын айтып берді

Террористер мемлекеттік органдар мен түзету мекемелеріне шабуыл жасауды көздеген

Ақтөбеде өлтірілген лаңкестер құпия түрде жерленетін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1157961-marsta-adamnynh-bas-suyegine-uqsas-qanh/