Шығыс қазақстандық имам Миша есімді қонжықты асырап отыр (фото)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан тұрғыны қонжық асырап жұртты таң қалдырды деп хабарлайды КТК арнасы.

Екі аптадан бері қолға үйретіп жатқан қожайынның бұйрықтарын да бұлжытпай орындайды екен. Тіпті, балалардан қалмай ойнап, өзенге бірге шомылады.

Ауыл имамы Раушан Зульфиев қонжықты егіс алқабынан тауып алыпты. Айтуынша, енесін браконьерлер атып алған көрінеді. Ал ол иен далада өлудің аз-ақ алдында қалған шынашақтай жыртқышты үйіне әкелуді жөн санаған.

Бастапқыда оның бұл әрекетіне ауылдастары қарсылық білдірген. Қазір 3 айға толған Миша есімді қонжық көптің қаупін сейілтіпті. Иесінен ішетін сүті мен жейтін балын да дауыс шығарып сұрауды үйренген екен. Алғыс ретінде олардың беті-басын жалайтын көрінеді. Қонжықты қолда өсіруді ғаламтордан оқып біліп отырған Зульфиевтар оны зообаққа өткізгілері жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Сарапшылар қазақстандық ауыр атлеттерді үлкен саясаттың құрбаны деп атады

Талдықорғанда полицей мас ер адамнан әйелді қорғаймын деп көз жұмды

Үкімет 8 миллиардқа жуық теңгені тағы игере алмаған

Америка түрмесінде жазасын өтеп шыққан Азамат Тәжияқов елге оралды (фото)

Сенатор жат ағымды дәріптейтіндердің телеарналарда жұмыс істеуіне тыйым салуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1163033-shyghys-qazaqstan-turghyny-qonzhyq-asyra/