Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Опубликовано:

Жиырмасыншы маусымға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарлаңызыға ұсынады.

Тоқты

Бүгін кез-келген күтпеген жаңалықтарға дайын болыңыз. Әр қадамыңыз бен сөзіңізге мұқият болыңыз. Жора-жолдастар арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түседі. Саспаңыз, бәрі де өз деңгейінде реттеледі.

Торпақ

Мінез-құлқыңызда ауытқушылықтар байқалады. Қандай да бір ұсыныс түсіп жатса, оған бірден бас шұлғып келісудің қажеті шамалы. Келіспесеңіз ұтасыз. Жұбайыңызбен арада бір қимастық сезім орнайды. Әріптестер арасында маңызды талқылаулар болады.

Даулы мәселелерге араша болуға тырыспаңыз. Сіздің көзқарасыңыз ешқандай мәселені шешпейді. Көмек сұрағандарға, жағдайды түсіндіріңіз. Өйткені түйіні шиеленіскен істің тамыры тереңде.

Егіздер

Мәртебеңіз өсіп, мерейіңіз артатын күн. Жаңа таныстықта ақыл-парасатыңызбен ерекше көзге түсесіз. Өз пікіріңізді бүгіп қалмаңыз. Сіздің көзқарасыңыз көп нәрсені өзгертуі мүмкін. Жанұяңызға да бір сәт назар аударыңыз. Сіздің мейіріміңіз бен шапағатыңыздан дәмелі жандардың, көңіліне кірбің түсірмеңіз. Олармен қыдыруға уақыт табыңыз.

Шаян

Достық қарым-қатынаста «тауыңыз шағылады». Жора-жолдастарыңыз арасында болатын қаржы жөніндегі әңгімеден өзіңізді алшақ ұстаңыз. Сапарға шығуға қолайлы күн. Өзіңіздің ішкі жан-дүниеңізге бір сәт үңіліп қоюдың артықшылығы жоқ. Өмірге деген өз көзқарасыңызды сәл өзгертіп, рухани толысуға бет бұрыңыз. Кітап оқуға көбірек көңіл бөліңіз.

Арыстан

Бүгін сізді ерекше қуанышқа бөлейтін оқиға болады. Таныстар арасында сіз жайлы өсек өрбуі мүмкін. Табандылығыңыз бен батылдығыңыздың арқасында өз мүддеңізді қорғап шығасыз.Өзіңіздің өмірлік қағидаларыңыздан бас тартпаңыз. Тынығуға уақыт табыңыз. Бұл күні қандай да бір мәселеде батыл қадам жасаудан қашпаңыз. Бәрі сіз қалағандай болады.

Бикеш

Үйіңізге сағындырып жүрген ағайын-туған келуі мүмкін. Қонақ күту, олардың көңілін табу сізді азғантай шаршатуы мүмкін. Алайда оған бола қапаланудың қажеті жоқ. Достарыңызды да шақырып, арқа-жарқа думандатыңыз. Көңіліңіз өсіп, бір сергіп қаласыз. Достарыңызбен ақылдасып шешетін мәселелер бар. Егер оларға құлақ ассаңыз өкінбейсіз.

Таразы

Қаржы мәселесінде қиындықтарға тап боласыз. Тіптен, сатып алуды жоспарлап жүрген дүниелеріңізден бас тартуыңызға тура келеді. Ештеңеге алаңдамай, жұмысқа ғана көңіл бөлгеніңіз жөн. Өзіңізге сеніп тапсырылған шаруаны ойдағыдай атқарсаңыз, айыңыз оңынан туады. Үлкен сабырдың арқасында жеңіске жетесіз.

Сарышаян

Сарышаяндардың төзімі тезге түсетін күн. Көптен жоспарланған кездеулер мен жаңа таныстық бәлендей жаңалық әкеле қоймауы мүмкін. Ойыңыздың орындалмауы көңіліңізді қалдырып, жоспарларыңыздың быт-шытын шығарады.

Бірақ сабырға келіңіз. Сіздің батыл шешімдеріңіз бен оғаш көзқарастарыңыз жағдайды өзгерте алады. Ешкімге уәде бермей-ақ қалағаныңызға қол жеткізу тек өзіңізге байланысты.

Мерген

Жанұяда жарасымды көңіл-күй қалыптасады. Сүйіктіңізбен қол ұстасып өмір табалдырығын бірге аттауға таптырмайтын уақыт. Ата-ана, ағайын-туыс та сіздің шешіміңізді қуана қолдайды.

Қаржылық мүмкіндігіңіз артады. Көптен көкейде жүрген затты сатып алуыңызға болады. Кез-келген өзгерістер сіздің табыстарыңыздың еселенуіне мүмкіндік туғызады. Тек өзіңіздің жақсы қырларыңызды аша білуіңіз қажет.

Тауешкі

Бүгінгі күн сауық сайранға толы. Көңіліңіз қалаған адамыңыздың тілін табуға қолайлы. Ерекше романтикалық сезімде боласыз. Кездесулер, танысулар бәрі-бәрі сіз ойлағандай болады. Бұрынғы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге тырысушылар тарапынан біраз түсініспеушіліктерге жол берілуі мүмкін. Соның салдарынан енді беті бері қарай бастаған сүйіктіңізбен арада кикілжің туындайды. Сақ болыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін «суқұйғыштар» өмірі әдеткі қалыптан өзгере қоймайды. Жанұяда жайлы бір жылылық пайда болады. Ал басы бос «суқұйғыштардың» махаббатта жолы болады. Достарыңызбен арадағы түсініспеушілік бұлты сейіледі. Сондай-ақ үлкен олжаға кенелуіңіз мүмкін.

Балықтар

Жұлдыздар бүгін денсаулығыңызға ерекше көңіл бөлу керектігін ескертеді. Иммунитетіңіздің әлсіреуі салдарынан тұмау сияқты инфекциялық ауруларды ағзаңыз тез қабылдайды. Жұмыста, оқуда және отбасында кейбір келеңсіз жағдайлар болуы мүмкін. Азғантай кедергілерге бола жүйкеңізді жұқартпаңыз.

Тағы оқыңыз:

Жамбыл облысының полициясы Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді

ІІМ Бестөбедегі алтын кен орнындағы атысқа қатысты түсініктеме берді

Алматы түбінде қар аралас бұршақ жауды

ІІМ: Тараздағы оқиға - теракт емес

Таразда екі адам жараланған тұстан полиция қоршауы алынғаны хабарланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1165090-20-mausymgha-zhuldyz-zhoramal/

pixel