Жаралы анасына жаны ашыған коаланың баласы желіде танымал болды (фото)

Опубликовано:

Коаланың баласы жаралы анасы үшін жаны қалмады деп жазады ras.kz.

Осы бір жан тебірентерлік оқиға Жаңа Зеланияда орын алған. Жолдан өтіп бара жатқан ана коала мен оның баласын машина қағып кетеді. Сосын жүргізуші оларды жақын жердегі ветеринариялық клиникаға жеткізіп салады.

Дәрігерлер оларды қарап болғаннан кейін денесінде аздаған жарақаты бар коала бөбегіне ем көрсетеді де, өкпесіне елеулі зиян келген оның анасын бірден операция үстеліне жатқызады.

Лиззи (клиника қызметкерлері мама-коалаға осындай ат беріпті) наркозбен операция үстелінде жатқан кезде бөбегі оны қатты қысып құшақтап, жанынан бір де шықпай қойыпты. Кейде ол анасының арқасына шығып алып, оған еркелеп те көріпті.

Лиззи бірнеше ота жасалып болғасын бірнеше күннен кейін ғана өз-өзіне келеді. Қазір дәрігерлер оны антибиотиктермен емдеп жатыр. Бірақ ол үшін ең күшті дәрі Фантом атты лақап есімі бар кішкентай ұлының өзіне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы болып тұр.

Тағы оқыңыз:

Жамбыл облысының полициясы Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді

ІІМ: Тараздағы оқиға - теракт емес

Веллер: Қазақтардың ата-бабалары Ресейге мемлекеттік әперді

Елдегі "байсалды сәләфилердің" көбі халықты кәпір санап, ата-анасынан бездіреді

Баян Есентаева ауруханадан шығарылды

АҚШ-тағы саентологтардан қызын қайтара алмай отырған отбасы Назарбаевтан көмек сұрады

14 жастағы қазақ қызы төрт зорлаушының бірінен жүкті болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1166017-zharaly-anasyna-zhany-ashyghan-koalanynh-b/