22 маусымға арналған жұлдыз-жорамал
Опубликовано:
22 маусымға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарларыңызға ұсынады.
Тоқты
Бүгін өзіңізге көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз. Алдыңызға айқын әрі қиын мақсат қойып, оған жету үшін бар күшіңізді салыңыз.
Торпақ
Дәл қазір ата-анаңызбен жолығып, көптен бері өзіңізді мазалап жүрген сұрақтардың жауабын алатын уақыт. Бастапқыда психологиялық тұрғыдан қатты қиналасыз. Позитивтің арқасында барлық қиындықты жеңіп, мықты бола аласыз.
Егіздер
Жұлдыздар бүгін адамдармен танысуға кеңес береді. Осылайша өзіңізге пайдасы тиетін адамдарды жолықтырасыз. Мұнымен қатар, бұл күндері білім алуға кеңес беріледі. Бір нәрсені түсінбей қалсаңыз, сұрауға қысылмаңыз.
Шаян
Ата-анаңыздан үлкен аталарыңыз туралы сұрап-біліңіз. Бұл ақпарат алдағы уақытта өте қажет болуы мүмкін. Əр ақыл сіздің бұл өміріңізге үлкен өзгеріс əкелуі мүмкін. Мұнымен қатар, дәл қазір жалғыз қалып, миыңызды тынықтыратын уақыт.
Арыстан
Бар назарыңызды отбасыңызға бағыттайсыз. Жасы кіші балаларыңыз немесе бауырларыңыз болса, олардың тәрбиесіне көбірек көңіл бөліңіз. Сүйіктіңізді таң қалдыратын дүниелер ойлап табасыз. Бүгінгі күніңіз керемет өтеді, сіз ойлағандай.
Бикеш
Бүгін өзіңіздің ерекше қасиеттеріңізді көрсетесіз. Жұлдыздар уақытыңызды үнемдеп, нақты материалдық қиындықтарды шешуіңізге кеңес береді. Көптен бері жинақталып, жаңа іс бастағыңыз келіп жүр. Ойыңызды жүзеге асыру үшін бар болғаны күн тәртібін ретке келтіргеніңіз жөн.
Таразы
Бүгін өз қиындықтарыңызды шешіп қана қоймай, өзгелерге көмектесесіз. Өзіңізді көптен бері мазалап жүрген сұрақтарға жауап іздегеніңіз жөн. Сезімге берілемін деп өзіңізді жоғалтып алмаңыз.
Сарышаян
Бүгін әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді реттеуге құлшынысыңыз артады. Өзіңізді сағынып жүрген алыстағы ағайындарыңызға барғаныңыз абзал. Олардың сізге айтар жаңалығы бар. Мұнымен қатар, ескі қатынастарыңызды ретке келтіріп қойғаныңыз жөн, алға қарай көмегі тиюі мүмкін.
Мерген
Өзіңізге ұнайтын затты сатып алу үшін көбірек шығын шығарасыз. Жаңаша бастама ұсынғандар болса, одан бас тартпаңыз. Қандай қиындық болса да тығырықтан шығар жол табыңыз, шыдамдылық пен сабырлық арқасында көптеген жетістіктерге жетесіз.
Тауешкі
Егер жақсы дайындалсаңыз, қолға алған әрбір ісіңіз сәтімен болады. Сақтық пен ұстамдылықты ұмыт қалдырмаңыз. Шектен тыс құштарлыққа бой алдырудан аулақ болыңыз. Кешке артық ойдан арылып, жақсылап тынығуға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Үлкен өзгерістерге дайын болыңыз. Бірақ қарызға ешкімнен ақша алмаңыз. Сіздің ақыл-кеңесіңізге біреулер аса зәру болуы мүмкін. Күрделі мәселелерді шешуге келгенде барынша сабырлылық танытыңыз.
Балықтар
Бүгінгі күн сіз үшін қуанышты жаңалықтарға толы. Қауырт жұмыстармен жүрсеңіз де, көкейіңіздегі қуанышты жәйт сізді бақытты етері анық. Алға жоспарлаған істеріңіз рет-ретімен орындалатындықтан, қатты қобалжудың керегі жоқ.
Тағы оқыңыз:
Назарбаев Астананы кім басқаратынына немқұрайлы қарай алмайды
Ильиннің жеке бапкері: Ильяның Риоға баруға мүмкіндігі 0,1% деп айтсам болады
Венецияға айналған Алматыны Мәсімов жаяу аралап шықпақ
Назарбаев президент әкімшілігінің жаңа басшысы Жақсыбековті таныстырды
Әділбек Жақсыбеков қайтадан президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1167835-22-mausymgha-arnalghan-zhuldyz-zhoramal/