ШҚО-да ауыл имамы аюдың қонжығын асырап отыр (фото)

Опубликовано:

Өскеменнің Семейге қарай шығатын күрежолының бойында Герасимовка деген ауыл бар. Төлеген Тоқтаров ауылдық округіне енетін осы ауылдың тұрғыны Равшан Зүлфиев осыдан үш апта бұрын аюдың қон­жығын тауып алған деп жазады egemen.kz тілшісі.

Ол Опытное поле елді мекенінің аума­ғында соңынан ілесіп келе жатқан бөгде адамдардың көліктерімен әлде­бір аңды қуалап, «қызыққа» батып, өзара даурығысып жүргендіктерін бай­қайды. Бажайлап қараса, көлікпен қақ­пайлағаны қонжық екен. Анасына не болғаны белгісіз. Қонжық – жалғыз.

«Егер кішкентай маймақтың анасы қасында болса, бұл «батырлар» не істер еді?» деген ой билеген Равшан тез арада бейбастақ әрекетке тоқтау айтып, қонжықты арашалап үйіне алып келеді. Келіншегі даланың қорғансыз қалған хайуанына қарсы болмайды. Ал сегіз жасар ұлы Жәнібектің қуанышында шек жоқ еді.

Сүп-сүйкімді маймақпен ілезде достасқан бала интернеттен аюдың баласын бағып-қағу жолдарын іздейді. Равшан ауыл имамы екен. Міне, содан бері имамның үйі ауылдағы ең танымал шаңыраққа айналды. Алғашқыда ауылдастары ағылса, қазір іргедегі облыс орталығынан да қонжықты қызықтаушылардың аяғы басылар емес.

Қарақұмық, балық, сүт, бұқтырылған бидай беріп асыраған кішкентай аюдың салмағы алғаш кел­генде 7,5 кило тартса, қа­зір 18 килоға жетті. Қон­жық­тың тамсанып жейтін тәттісі – бал.

"Бастапқыда ұяң болғанымен, үйренісе келе асыр салып ойнайтын болды. Ішін қасу үшін алақанын жайып жіберіп, шалқасынан жата қалғанды жақсы көреді. Кішігірім ұядағы орнына кешкілік тамағына тойып алған соң жатады да таң атқанша ұйқыны соғады", – дейді Равшан Зүлфиев.

Бала Жәнібекпен бірге күн­делікті өзенге барып шомылатын қонжық табиғат аясында да адамн­ың қасынан екі елі қалмайды екен. Адамға үйренген қонжықтың өс­кен кезінде табиғи ортада әлде­кімге жем болуы ықтимал екенін айтқан Зүлфиевтер оны хайуанаттар бағына тапсырмақ ниетте. Табиғат қорғау прокуратурасы қыз­меткерлерінің кеңесі бойынша, Равшан қонжықты Шемонайха ауда­нының Камышинское ауылын­дағы хайуанаттар бағына өткізбек.

"Қонжыққа әбден бауыр басып қалыппыз. Көңіліміз қимайды. Әсіресе, баламның жібергісі жоқ. Отбасымыздың бір мүшесіне айналған қонжығымыз үшін енді хайуанаттар бағына тұрақты барып, жағдайын біліп тұратын боламыз", -  дейді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Қарағанды облысында "Сібір жарасынан" көз жұмғандарды дәрігерлер бірнеше күн тентіреткен

Астанада үйін жарып жібермек болған Мейрамовтар отбасы берілген жоқ

Президент әкімшілігін басқарғандардың қайсысы халық есінде қалды?

АҚШ-ты көрген қазақ баласы Қазақстаннан саналы түрде бас тартты

Қазақстан құрамасының жаңа бапкеріне 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысу туралы талап қойған

Еркектер көріксіз әйелдерге ғана мүшеқап пайдаланатын болып шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1171368-shqo-da-auyl-imamy-ayudynh-qonzhyghyn-asyra/