Қазақ отбасының суреті Камерон Диастың кітабына шығады

Опубликовано:

Қазақ отбасының фотосы мен оның тарихы голливудтық актриса Камерон Диастың жаңа кітабынан орын алатын болды деп хабарлайды Qamshy.kz.

Кітап 2017 жылдың көктемінде шығады деп жоспарланған.

2015 жылдың соңында актриса жариялаған байқауға туыстарымен бірге қалай қатысқандығы туралы Сая Оқас әңгімелеп берді.

«Бұл өткен жылдың күзінде болған еді. Туған күн кешінде біз отбасымызбен суретке түстік. Бір сіңілім актриса Камерон Диастың шығармашылығын ұнатады. Актриса өз сайтында әр елдің анасы мен қыздарының суретіне байқау жариялапты. Үздік фотоларды әйелдер және сұлулықты сақтау туралы кітабына қосатынын айтқан», - дейді бойжеткен.

«Біз байқауға қатысамыз деп шешіп, сайтқа фото мен отбасымыздың тарихын жібердік. мамыр айының басында АҚШ-тың аналар күні қарсаңында актриса Диас Instagram парақшасына фотоны салды. Біз басында сене алмадық... Фотода анамыз Гүлжанат Оқасова, анамның әпкесі Ғалия Ақынова мен оның қызы айша Сайлаубева, немересі Ералы, тағы бір әпкеміз Лаура Ақынова», - деп түсіндірді Сая Оқас.

Instagram желісінде фотолары жарияланғаннан кейін, почтаға олардың фотосы актрисаның келесі кітабына қосылатыны туралы хабарлама келгенін айтты бойжеткен.

Тағы да оқыңыздар:

Астана билігі үйін жарып жібермек болған тұрғынға небары 2 млн 600 мың теңге бермек болған

Жауапқа тартылмайтынына сенімді қызылордалық полицейлер жол ережелерін қалай өрескел бұзады?

Сұлтанов: Қазақстан қарыз көлемі жөнінен 12-орында тұр

Мәсімов Әбдібековке Сібір жарасы өршитін болса, жеке жауапкершілікке тартатынын ескертті

Қарағанды облысында тұрғындардың Сібір жарасын қалай жұқтырғаны белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1173242-qazaq-otbasynynh-sureti-kameron-diast/