Құранға тиіспек болған тележүргізушінің тілі байланды (видео)

Опубликовано:

Қасиетті Құран Кәрімді қаралап, көрермендер алдында масқараламақ тележүргізуші күтпеген жерден күлкіге қалды деп жазады muslim.kz.

Қасиетті кітаптар турасында өткен бағдарлама барысында ол «кек алуға және қан төгуге» шақыратын үзінділерді оқып, қасиетті Құран Кәрімді қаралауға көшкен еді.

Алайда, бағдарлама қонақтары оның келтірген үзінділеріне күмән келтіріп, дауласа бастайды. Бұлтартпас айғақ таптым деп ойлаған тележүргізуші осы кезде барып өзінің оңбай қателескенін күллі көрермен алдында өзі көрсетіп берді.

Қантөгіс шақырды деп айыптап отырған кітабының Құран емес, Інжіл екенін білген тележүргізуші «кешіріңізден» басқа сөз таппай, тілі күрмелді де қалды.

Тағы да оқыңыздар:

Астана билігі үйін жарып жібермек болған тұрғынға небары 2 млн 600 мың теңге бермек болған

Жауапқа тартылмайтынына сенімді қызылордалық полицейлер жол ережелерін қалай өрескел бұзады?

Сұлтанов: Қазақстан қарыз көлемі жөнінен 12-орында тұр

Мәсімов Әбдібековке Сібір жарасы өршитін болса, жеке жауапкершілікке тартатынын ескертті

Қарағанды облысында тұрғындардың Сібір жарасын қалай жұқтырғаны белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1173645-qurangha-tiispek-bolghan-telezhurgizush/