Калифорнияда ең сүйкімсіз ит анықталды (видео)

Опубликовано:

Калифорнияның Петалума қаласында ең сүйкімсіз иттердің 28-дәстүрлі байқауы өтті деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жолы бірінші орынды 17 жастағы Свипи Рэмбо қанжығалады. Ол – чихуахуа және қытайдың айдарлы итінің шатысы. Свипи Рэмбоға бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ, алайда ол өзге 15 қарсыласын шаң қаптырып кеткен.

Ол өзінің күнге шағылысатын ерекше айдары, салақтаған тілі және бақаның табаны тәріздес табандарымен қазылар алқасын таң қалдырды. Сондай-ақ иттің иесі оның образын толықтыру мақсатында соқыр жануарларға арналған жөргек кигізген.

44 жастағы Рэмбо Джейсон Вуртцтың сөзінше, ол итті әйеліне сыйлық ретінде алған, алайда әйелі иттен қорқатынын және оны үйде асырағысы келмейтінін айтқан.

Бұған қарамастан, Вуртц төрт аяқтыны өзіне қалдыруға шешім қабылдаған. Америкалық азамат қазылар алқасынан алған ақшаны аузында ісік пайда болған Свипи Рэмбоның отасына жұмсайтынын мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек: Бізді сәләф дейтіндер отпен ойнап жүр

Түркия ауруханасында дүниеге келген нәрестеге қомақты қаржы қажет

Сарапшы: Лаңкестерге сырттағы шейхтары "өз елдеріңде күресіңдер" деген тапсырма беруі мүмкін

Елімізде сүт өндіретін компаниялар өнім құрамына түрлі қоспа араластырып, жұртты алдаған

Сұлтанов сыйлыққа салық салу ойынан айнып қалды

Атышулы Тоқтар Төлешов 4 әйеліне ай сайын 200 млн жалақы төлеп келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1173821-kaliforniyada-enh-suykimsiz-anyqtal/