Үндістанда сиыр етін сатқандарға малдың тезегін жегізіп, зәрін ішкізді

Опубликовано:

Үндістандағы «Сиырларды қорғау отрядының» белсенділері 700 келі мал етін сату мақсатында жолға шыққан саудагерлерді ұстап алған. Белсенділер елдегі заңға, халықтың наным-сеніміне қарсы шыққандарды сиырдың көңін жегізіп жазалады.

Бұл туралы Indian Express жазады деп хабарлайды Stan.kz.

10 маусым күні болған бұл жағдай желіде тек екі апта өткеннен кейін  тараған. Отряд белсенділері Харьян штатындағы Меват округінен шыққан еттің Нью-Делиге тасымалданғанын байқап қалады. Олар саудагерлердің ізіне түсіп, кейін олардың сиыр етін тасымалдағанын анықтайды.

Жануарларды қорғаушылар ұсталғандарға панчагавьейді күштеп жегізген.

Панчагавьей- сиырдың тезегі, сүті, зәрі, майы мен йогурт қоспасы. Бұл қоспа үнділердің дінінде құлшылық уақытында құрбандықтың бірі есебінде пайдаланылады.

Белсенділердің жетекшісі Дхармендр Ядавтың сөзінше, мұндай жаза оларға сабақ болсын деген мақсатта жасалған. Сондай-ақ, өзгелерді мұндай әрекеттен аулақ болуға үндейді.

Тағы да оқыңыздар:

Құзырлы орган Аян Мейірбаевтың бостандыққа шыққанын 1 жарым ай бойы жасырған

Еліміздегі жас келіндер күйеуінен "мәхр" сыйлығы үшін пәтер мен құндыз тон сұрайтын болған

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында жантүршігерлік жарылыс болып, 36 адам қаза тапты (фото)

Қоғам қайраткерлері Білім министрінен қазақ тіліне бөгет жасамауды сұрады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Қытай қалашығы" туралы не білеміз?

Алматыда студенттердің ақшасын жымқырған есепшілер жеңіл жазамен құтылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1175106-undistanda-siyr-etin-satqandargha-mal/