Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атқа мінген қазақтардың фотосы шетелдіктерді тәнті етті

Опубликовано:

2016 жылдың әлем бойынша үздік фотолары қатарына Қазақстанның ен даласын кезген салт аттылардың фотосы енді деп хабарлайды NUR.KZ порталы CNN сайтына сілтеме жасап.

2016 жылдың үздік фотоларын National Geographic басылымы іріктеген. Әлемнің түкпір-түкпірінен көздің жауын алатын фотоларды танымал саяхатшы фотографтар ұсынған. Ең үздік фотолар арасында Қазақстанның ен даласында атқа мінген қазақтардың фотосы да бар.

Аталмыш фотоны Райан Бэлл есімді америкалық фотограф түсірген. "Қазақ салт аттылары малдарын қораға айдап әкетуде. Олар сол жерде жылқыларын тонаушылардан қорғау үшін түнейтін болады", - деп жазған Райан фотоның астына.

Айта кетерлігі, аталмыш фотограф бұған дейін қазақ отбасының үйінде қонақтап, жылқы етінен дәм татқан болатын. Алайда жылқыны жеуді таңсық санайтын шетелдік сол жерде жүрегі көтерілгенін айтып, ағынан жарылған.

Назарларыңызға Қазақстаннан бөлек өзге елдердің үздік деп танылған фотоларын ұсынамыз.

Тағы да оқыңыздар:

Әу бастан өзбек азаматы болған қаны қазақ он шаңырақ Қазақстанды таңдағандарына өкінетіндей күй кешуде

ОҚО-да бір топ түлек гулянканың орнына ауызашар берді

Ақтауда жұрттың көзінше жаға жыртысқан бес әйелді полицейлер ақыры іздеп тапты (видео)

Балқашта оқушы қызды өлтірген танымал әнші ақыры ұзақ мерзімге сотталды

Порошенко Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты шешуде Назарбаевтан көмек сұрады

Назарбаев мемлекет жалға берген үйді сатуға шектеу қоюды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1178321-atqa-mingen-qazaqtardynh-fotosy-shetel/

pixel